Ресей Центробанкі рубльді еркін «жүзуге» жіберді

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Ресей Орталық банкі (ОБ) (ЦБ) 5 қарашадан бастап өздерінің жеке интервенциясының сомасын тәулігіне $350 млн мөлшерімен шектеді, деп хабарлады РБК порталы.
Бұл ретте ОБ осындай соманы сатқаннан соң валюталық дәліз шекарасы автоматты түрде 5 копеекке жылжып отыратын ереже күшінде сақталады.
Нарыққа қатысушылар ресейлік ЦБ жарияланған инфляцияны таргеттеуге көшу аясында әрекет етіп отырғанын, бірақ ол үшін кезекті қадам жасау уақыты сәтті таңданбаған дейді.
Сонымен қатар реттеуші қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнетін болса, ЦБ қосымша интервенция жасауға дайын екенін мәлімдеп отыр.
РБК сұрастырған нарыққа қатысушылар бұл нақты іс жүзінде ЦБ-ның валюталық нарықтан кететіндігін және рубльдің құбылмалы бағамға өтетіндігін аңғартады деп есептейді.  «Сауда-саттықтың биржалық орташа көлемі тәулігіне $7-10 млрд, сондықтан ЦБ-ның күнде сататын $350 млн сомасы түк те емес», - дейді валюталық нарықтағы БКС ҚТ трейдингі жетекшісі Александр Мюльбергер.
А. Мюльбергердің айтуынша, ЦБ өз саясатын жоспарлы түрде еркін бағамға өту бойынша жүргізіп келеді.
«Валюталық нарықтан кету шешімін күткенбіз. Соңғы айда ОБ рубль бағамын ұстап отыруға көп қаражат жұмсады, бірақ ол көмектеспеді. Сарапшылар бұрыннан ЦБ резервін босқа жаратып жатыр деген болатын. Енді ЦБ-ның өзі де солай есептесе керек», - деді ол.  

adimage