Ресейде АҚШ долларының бағасы тұңғыш рет 48 рубльден асты

Күні: 16:25, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Жұмада Мәскеу биржасындағы сауда барысында АҚШ долларының бағамы тарихта тұңғыш рет 48 рубльден асты, деп хабарлады rbc.ru.
Жарияланымда айтылғандай, ең асқанда доллар бағамы 48,14 рубльге дейін жетті, ол кешегі сауда жабылғандағыдан 1,3 рубльге жоғары.  
Сонымен бірге биржалық саудада еуро бағасы да тарихи шыңына жетіп, 59 рубльден асты. Ең шыңында еуро бағамы таңертеңгі сауда барысында 59,4765 рубльге жетті, ол кешегі сауда жабылғаннан 1,42 рубльге артық.
Банк России себетінің бағасы мск. уақытымен 10.15 сағатқа 52,7421 рубль болып, ол кешегі сауда жабылған деңгейден 82,59 копеек артық болды. Сауда барысында себет бағасы 53,2403 рубльге дейін көтерілді. Бұл абсолюттік рекорд.
«Қазір Банк России валюталық нарықта жоқ. Бірақ ол, егер қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнетін болса, араласатынын айтқан, соған қарағанда әзірге қауіп жоқ сияқты. Бүгін барлық назар АҚШ-тан келетін макроэкономикалық статистикаға аударылады. Ол жақтан келген жағымды жаңалық та рубль/доллар жұбының одан ары нығаюын тудыруы мүмкін», - деп есептейді «Golden Hills-КапиталЪ АМ» ИК талдамалық департаментінің жетекшісі Наталья Самойлова.
Осының қарсаңында талдамашылар егер мұнай бағасы барреліне 70 долл-ға дейін баратын болса, рубль биылдың өзінде 50 руб./долл. болуы мүмкін деп ескерткен. Ал бүгін ICE Futures биржасындағы саудада Brent маркалы мұнай бағасы $82 - $83 аралығында тұрақтады.
Ресей Центробанкімен 7 қарашаға бекіткен доллардың ресми бағамы 45,1854 рубль болды.
Бұдан бұрын Ресей Орталық банкі (ОБ) (ЦБ) 5 қарашадан бастап өздерінің жеке интервенциясының сомасын тәулігіне $350 млн мөлшерімен шектеді. Бұл ретте ОБ осындай соманы сатқаннан соң валюталық дәліз шекарасы автоматты түрде 5 копеекке көтеріліп отыратын ереже күшінде сақталады.  
Ресми жарияланған мәліметтерге сай, 2014 жылы қарашаға Банк России валюталық интервенция барысында $29,26 млрд. жаратыпты. 5 қарашадағы сауда барысында РФ ЦБ $350 млн жаратты, дәліз шекарасының жылжуына қарасақ, ол 6 қарашадағы саудада да осындай сома жаратқанға ұқсайды.


Жаңалықтармен бөлісу: