Ресейде АҚШ долларының ресми бағамы 43 рубльден асты

Күні: 18:47, 30-10-2014.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ - Ресейдің Орталық банкі бекіткен АҚШ долларының 31 қазанға арналған ресми бағамы 43,3943 рубль құрады, деп көрсетілген Орталық банк сайтында.  
Алдыңғы күнмен салыстырғанда АҚШ долларының бағамы 0,7418 рубльге өсті.
31 қазанға арналған еуро бағамы 54,6378 рубль (+0,2985), бивалюталы қоржын - 48,4539 рубль.
ҚР Ұлттық банк валютасының 30 қазанға ресми белгіленген бағамына сәйкес 1 Ресей рублі - Т4,23.   $1 - Т180,87, 1 еуро - Т230,21.


Жаңалықтармен бөлісу: