Ресейде қазақстандық шұжықтың ірі партиясы әлеуетті түрде қауіпті деп танылды

Алматы. 10 маусым. ҚазТАГ – Ресейде қазақстандық шұжықтың ірі партиясы әлеуетті түрде қауіпті деп танылды, деп хабарлады Россельхознадзор баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының тұрғыны 9 маусымда сағат 00.40-та бір тонна шұжықты жөнелтпе құжатынсыз және кеден одағының №2 ветеринарлық сертификатынсыз алып өтпек болған. Көлік Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қостанай қаласынан Башқұртстан Республикасы Учалы қаласына бара жатқан. ЕАЭС заңнамасының талаптарына сәйкес құжаты жоқ өнім әлеуетті түрде қауіпті деп танылып, Ресейге кіргізуге тыйым салынды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазақстандықты РФ ӘҚбК 10.8 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартқан.
«Көлікті Россельхознадзор қызметкерлерінің бақылауымен іргелес елге қайтарды», - деді ресейлік ведомстводан.

adimage