Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ – Ресейде Қазақстаннан кіргізілген «санкцияланған» алмалардың ірі партиясы жойылды, деп хабарлады Россельхознадзор баспасөз қызметінен.
«1 - 5 маусым аралығында Алтай өңірі мен Алтай Республикасы бойынша Россельхознадзор басқармасы Алтай өңірі, Алтай кеден бекеті және Третьяковск полиция бөлімі бойынша Ресей ФҚҚ Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірге 11,9 тонна санкцияланған өнімді анықтады. Третьяковск ФББ-де фитосанитарлық қадағалау өткізу барысында қораптарға салынған, польшалық этикеткалармен таңбаланған 10 тонна жаңа піскен алманы тапқан. Карантия салынған өнімнің фитосанитарлық сертификаты болған, онда өнімнің Қазақстан Республикасында шығарылғаны көрсетілген», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, фитосанитарлық сертификат жарамсыз болып танылған.
«Кіргізуге тыйым салынған өнім тәркіленіп, ҚТҚ полигонында механикалық жолмен жойылды. Кінәлі тұлғалар РФ ӘҚбК 10.2 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді ведомстводан.
Ресейде Қазақстаннан кіргізілген «санкцияланған» алмалардың ірі партиясы жойылды
