Ресейде бензиннің көтерме бағасы мамырда 17,5% өсті – Росстат

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Ресейде бензиннің көтерме бағасы мамырда 17,5% өсті.
«Қайта өңдеу өндірісінде мұнай өнімдерінің кей түрлеріне баға өсті: газ конденсаты тұрақты - 18%, автомобиль бензині –17,5%, мұнай газы және басқа топқа кірмегендер - 11,8%, пропан мен сұйытылған бутан – 8,4%, мұнай құрылыс битумы – 5,7%, мұнай коксы – 5%, мұнай жол битумы – 4,5%, жаппа мұнай битумы – 3,7%», - делінген сәрсенбіде РФ Федералды мемлекеттік статистика қызметі (Росстат) сайтында орналасқан хабарда.
Сонымен қатар хабарланғандай, мамырда шикі мұнай бағасы 4,5% өскен, темір кенін өндіру мен байыту арқылы алынған өнім – 2,8% өскен. Бұл ретте табиғи өңделмеген кәріптас пен алмаз бағасы, сәйкесінше, 27,4% және 16,4% арзандаған.

adimage