Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті, деп хабарлады РБК.
«Елде ауру жұқтырғандар санының күн сайын өсуі екі апта бойы байқалып келеді. Індет басталғалы бері Ресейде 1 159 573 адам ауырған. Соңғы 24 сағатта Ресейде COVID-19 коронавирусын жұқырудың 8135 жағдайы тіркелген», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтылағандай, соңғы рет 16 маусымда 8 мыңнан астам ауру тіркелген еді. Ол кезде 8248 адамнан коронавирус анықталған. Жедел штаб ақпарынша, коронавирус індеті басталғалы бері 1 159 573 адам ауырған.

adimage