Ресейде құрғақшылық салдарынан қарақұмық бағасы екі есеге дейін дерлік өсуі мүмкін

Күні: 09:45, 03-11-2014.

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Ресейде құрғақшылық салдарынан қарақұмық бағасы екі есеге дейін дерлік өсуі мүмкін, деп хабарлайды ресейлік БАҚ-тар.
«Ресейлік бөлшек сауда желілеріне қарақұмық жармасын жеткізушілерден өнім бағасының өсуі туралы хабарламалар келе бастаған. Өндірушілер оның себебі ретінде Сібір мен Оралдағы астықтың жоқ болуын атап отыр», - деп жазады басылым.
Ресейлік ретейлерлер атап өткендей, оларға бағаның екі есеге дейін дерлік өсетіні жөнінде ескертуде.
«Жоғары бағалық сегментті қарақұмық – бізге босату бағасының өсімі 20%-ға дейін болатынын ұсынуда, төменгі бағалық сегмент – бізге бағаның екі есеге дейін дерлік өсетіні жөнінде ескертуде», - деді X5 Retail Group ресми өкілі Владимир Русанов.
Қарақұмық жармасын жеткізушілер қарақұмық тапшылығы Сібір мен Оралдағы ауа райы жағдайының салдарынан туындауы мүмкін екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, астықтың тең жартысы қазірдің өзінде 20-30 см қар жамылғысының астында жатыр. Соның кесірінен әзірге шығындарды нақты бағалау мүмкін болмауда.
Басқа жағынан қарағанда, Ұлттық астық өндірушілер одағындағылар нарықта тапшылықтың болмайтынын мәлімдеді.
«Ағымдағы жылы ОФО (Орталық федералды округ) және ЕФО (Еділ маңы федералды округі) бірқатар өңірлерінде бұл дақылдарға бөлінетін аумақтар ұлғайтылды, ал жалпы астық көлемі өткен жылдың көрсеткіштерін басып озып отыр. Ол аумақтарда қарақұмық толықтай жиналып алынған», - деп атап көрсетілген одақ мәлімдемесінде.
Бидай астығы, сарапшылардың бағалауы бойынша, 1-2 млн тоннаға төмендеуі мүмкін. Дегенмен ауыл шаруашылығы министрлігінен астық жорамалын ведомство баяғы деңгейде қалдыратынын мәлім етті – 104,2 млн тонна.
«Сібір мен Орал аймақтарына келген ауа райы қолайсыздығы жалпы ел бойынша бидай дақылдарының жиналуына және 2014 жылғы бидайдың жалпы жиналу болжамына түзету енгізуге айтарлықтай әсерін тигізбейді», - деп атап өтті министрліктен.
БАҚ-тар еске салып отырғандай, қарақұмық бағасының жоғары өсімі 2010 жылдың жаз аяғы-күз басында болған. Атап айтқанда, Мәскеу түбінде (Посмосковье) қарақұмық жармасының бағасы 70%-ға артқан. Ал жалпылай алғанда Ресей бойынша қыркүйек айындағы баға 25%-ға өскен.
Бағалардың өсімі құрғақшылықпен байланысты: сол кезде вице-премьер лауазымын атқарған Виктор Зубков Ресейде жыл сайын 600 мың тоннаға жуық қарақұмық жиналатынын мәлімдеген болатын. Бірақ та 2010 жылы құрғақшылық салдарынан, болжам бойынша, тек 400 мың тонна ғана жинау тиіс болған.


Жаңалықтармен бөлісу: