Ресейде ұрланған екі автокөлік қазақ-өзбек шекарасында ұсталды

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Ресейде ұрланған екі автокөлік қазақ-өзбек шекарасында ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«Өткен түні Сарыағаш шекара жасағы «Қапланбек-авто» бөлімшесінің шекара жасағы Өзбекстан Республикасына кетіп бара жатқан Toyota Rav 4 көлігін тексеру барысында аталмыш көлікті РФ құқыққорғау органдарының іздестіріп жатқанын анықтаған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, көлікті Тәжікстанның 1976 жылы туылған азаматы айдап келе жатқан.
«Бір жарым сағаттан кейін тексеру алаңына шамамен 00.00-де осындай маркадағы тағы бір машина келіп тоқтаған, ол да халықаралық іздеуде жүрген болып шықты (РФ). Екінші көлікті 40 жасар ресейлік айдап келген. Екі жүргізуші де ұсталып, Сарыағаш ауданы ПБ қызметкерлеріне тапсырылды», - деді ҰҚК ШҚ.

adimage