Алматы. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Ресейде зейнеткерлік жасты ұзартуға қарсы шыққандарды жаппай қамау басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«11 қыркүйек күні кешкісін 301 ұсталушыға қатысты материал жіберілді. Оларды 15 аудандық сот бойынша бөлдік, 258 іс қаралды. 70 адам қамауға алынса, тағы 158-не 5 мыңнан 20 мың рубльге дейін айыппұл салынды. 11-ін мәжбүрлі еңбекке тарту туралы қаулы шығарылды. Ең аз уақыт 20 сағат, ең көбі - 60», - деп хабарлады Санкт-Петербор соттарының біріккен баспасөз қызметінен.
Барлығы жергілікті басылым ақпарынша, зейнеткерлік жастың ұзаруына қарсы митинг өткен күні – 9 қыркүйекте полицейлер Санкт-Петерборда 600-ден астам адамды ұстаған, оның 80-і кәмелетке толмағандар.
Қарсылық акциялары мен митингілері Ресейдің басқа да бірқатар қалаларында өтті. Жалпы ресейлік күш құрылымдары 1 мыңнан астам адамды ұстады. Бұл ретте ресейлік БАҚ атап өткендей, ұсталғандарға қарсы күш қолданылған. Ұсталғандар арасында кездейсоқ өтіп бара жатқандар мен журналистер де бар.
Ресейде зейнеткерлік жасты ұзартуға қарсы шыққандарды жаппай қамау басталды
