Ресейдегі АҚШ долларының ресми бағамы 45 рубльден асып жығылды

Күні: 19:31, 06-11-2014.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Ресей Орталық банкі орнатқан АҚШ долларының ресми бағамы 7 қараша күні 45, 1854 рубльді құрады, деп көрсетілген Орталық банк сайтында.
Өткен күнмен салыстырғанда АҚШ долларының бағамы 0,7861 рубльге өсті.
Еуроның 7 қарашадағы бағамы 56,5450 рубль (+0,9216) күйінде тіркелді, бивалюталық қоржындікі - 50,2972 рубль.
ҰР Ұлттық банкінің 6 қарашада ресми орнатқан валюталар бағамына сәйкес, 1 ресейлік рубль Т4,06-ға тең. $1 Т180,87-ге тең, 1 еуро - Т226,02.


Жаңалықтармен бөлісу: