Ресейдегі бірнеше адамның өліміне күдікті ШҚО-да ұсталды

Өскемен. 21 қазан. ҚазТАГ – Ресейдегі бірнеше адамның өліміне күдікті Шығыс Қазақстан облысында ұсталды, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«ШҚО полицейлері сегіз ай бойы құқыққорғау органынан қашып жүрген ер адамды тапты. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында шекарамаңы ынтымақтастығы жоспарын жүзеге асыру аясында ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Риддер қаласында шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысында 37 жасар қылмыскер анықталды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, күдікті ұзақ уақыт бойы Ресейдің құқыққорғау органдарынан қашып жүріпті.
«Ер адамға құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережесін бұзғаны, соның салдарынан бірнеше адамның өлімі орын алуына байланысты халықаралық іздеу жарияланған екен. Қазіргі таңда РФ-дағы әріптестерге күдіктінің орналасқан жері туралы мәлімдеме жолданды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

adimage