Ресейден Қазақстанға жоспарланған импорттың алғашқы 50 мың тонна дизель отыны әкелінді

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Ресейден Қазақстанға жоспарланған импорттың алғашқы 50 мың тонна дизель отыны әкелінді, деп мәлімдеді ҚР бірінші вице-премьері  Роман Скляр.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы индикативтік теңгерім шеңберінде (2022 жылы 520 мың тоннаға дейін) 2022 жылдың қыркүйек және қазан айларында 100 мың тонна көлемінде дизель отынының импорты ұйымдастырылды. Бүгінгі күні кестеге сәйкес 50 мың тонна дизель отыны жөнелтілді, ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажеттіліктеріне бөлінді», - деді Скляр ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттарының мұнай өнімдерінің қорын құру және ресейлік дизель отынын әкелуге қатысты сауалына берген жауабында.

Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай,  дизельді отынның шетелге Скляр теңге-рубль жұбы арасындағы бағам айырмашылығына байланысты диспропорция деп түсіндірді.

adimage