Ресейден шыққан өрт Қазақстан аумағына ауысты

Күні: 13:21, 08-08-2019.

Алматы. 8 тамыз. ҚазТАГ – Ресейден шыққан өрт Қазақстан аумағына ауысты, деп хабарлады «Алау».
«Талды ауылынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Қарабалық ауданында құрғақ шөп, қайың мен көктерек өртенді. Өрт орман шаруашылығының Михайлов мекемесінің аумағында орын алған. Алдын-ала болжаммен 250 га. жерде 5 сыныпты өрт қауіптілгі тіркелген. Өрт РФ Челябі облысы трансшекаралық аумағынан ауысқан», - деп хабарлады бейсенбі күні Қостанай облысы ТЖД.
Хабарда атап өтілгендей, қаза тапқандар, зардап шеккендер және елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.
«Өрт 1 тамызда ауыздықталып, 7 тамызда сөндірілген», - делінген хабарда.
Шілдеде Сібірде алапат орман өрті басталды, оны әскери авиация көмегімен өшіруге тырысты. Бұдан басқа ресейлік билік жасанды жауын-шашын туғызу үшін құралдарын қолданды.
Ресейдің есеп палатасы биыл орман өртінен келтірілген шығын сомасын есептеді. Сонымен 2019 жылдың алғашқы алты айында Ресейде 7,6 мың орман өрті болған, одан келтірілген шығын сомасы 2,4 млрд рубльді құрап отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: