Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау құны тоннасына $9,8 болады

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау құны 1 тоннасына $9,8 болады, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінен.
«ҚазТрансОйл» АҚ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (ТМРжБҚ) Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау құнын 1 тоннасына $9,8 деп (2014 жылғы 4 қарашадағы ТМРжБҚ №45-ОД бұйрығымен) бекіткенін хабарлайды», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.  
Оның ішінде: Ресей шекарасы – Қазақстан шекарасы (Прииртышск) - Атасу (ҚР), оның ішінде «Атасу» БМАС (ГНПС «Атасу») – 1 тоннасына $2,63; Атасу (ҚР) - Алашаңқай (ҚХР) учаскесінде – тоннасына $7,17.  
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес мекемесі болып табылады және жалпы ұзындығы шамамен 8 мың шақырымға созылып жатқан аса ірі магистральды мұнай құбырлары мен суағызғылар жүйесінің меншік иесі. Компания елде өндірілетін мұнайдың 59% ішкі нарыққа және экспортқа шығарды.

adimage