Ресейдің жеке емханасында пластикалық отадан қазақстандық көз жұмды

Күні: 11:06, 25-02-2019.

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – 23 ақпанда Саратовта жеке емханада TerraSomnia пластикалық отасынан Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлады «Новости Саратова» интернет басылымы.
«39 жасар Қазақстан азаматшасы Саратовқа липосакция жасатуға барған. Отадан кейін әйел екі сағаттан соң комаға түсіп кеткен, содан есін жимаған. Алдын-ала ақпар бойынша ол көп қан жоғалтудан көз жұмған», - деп жазды басылым.
«СарИнформ» агенттігі хабарлағандай, Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев аталмыш жағдай бойынша мәлімдеме жасады.
«Тергеу органдары, Росздравнадзор, бақылаушы құрылымдар қайғылы жағдайды мұқият тексеруге, науқастың қаза табу себебін анықтауға міндетті. Емхана қызметі мен қызметкерлер жұмысына құқықтық және эксперттік баға берілетін болды, мекеме қызметінің заңдылығы туралы қорытынды жасалады», - деп мәлім етті Радаев.


Жаңалықтармен бөлісу: