Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізуде

   Астана.26 желтоқсан.ҚазТАГ- Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізуде, деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жапондық NHK телеарнасына.
  «Ресей мен Қазақстанды тығыз экономикалық қатынастар байланыстырады. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізеді. Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз, бірақ сонымен бірге республика экономикасын әртүрлі кәсіпорындар шектеу шараларын айналып өту үшін пайдаланбайды деген қағиданы ұстанамыз»,- деді Тілеуберді.
  Министрдің айтуынша, Ресей мен Украина – Қазақстанның сонау тарихтан бері достары. Президент Тоқаев екі елдің көшбасшыларымен үнемі байланыста болып, олардың өзара бейбітшілікке келуіне шақыруда.
   "Қазақстанның көлік және логистика үшін транзиттік пункт ретінде даму әлеуетіне ерекше назар аударылады. Менің ойымша, бұл шетелдік инвестицияны тартып, Еуропа мен Азияны біріктіретін орталыққа айналады", – деді СІМ басшысы.

adimage