Ресейлік 14 жыл Қазақстанда заңсыз түрде зейнетақы алған

Орал. 27 қараша. ҚазТАГ - Ресейлік 14 жылдан бері Қазақстанда заңсыз зейнетақы алып келеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті алаяқтық фактісі бойынша Ресей Федерациясының азаматына қатысты қылмыстық істі тергеді. Бұл адам, Қазақстан Республикасының азаматы бола отырып, 2003 жылы Ресей Федерациясына кетіп, осы елдің азаматтығын алады және екі елдің аумағында зейнетақы алды. Сонымен бірге, ол Ресей Федерациясының азаматтығының болуын әдейі жасырып, Қазақстан Республикасында зейнетақы төлемдерін алу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының органдарына құжаттар тапсырды », - делінген жұмадағы хабарда.
Көрсетілгендей, 2006 жылдан бастап 14 жыл ішінде күдікті Қазақстан Республикасының аумағында 9,2 млн.теңгеден астам мөлшерде мемлекетке зиян келтірген зейнетақы төлемдерін заңсыз алып келген.
Батыс Қазақстан облыстық соты оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге соттады.

adimage