Ресейлік гуманитарлық жүк Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Астана. 8 шілде. ҚазТАГ – Ресейлік гуманитарлық жүк Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен.
«ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, РФ гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді.
«Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы «СҚ-Фармация» ЖШС болып табылады. Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүкпен бірнеше рейстер күтілуде. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен бауырлас халқына алғысын білдіреді», - делінген хабарда.

adimage