Ресейлік «Северный ветер» әуекомпаниясы Самара-Алматы бағытындағы рейсін ұшырады

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитеті "Северный ветер" (Nordwind) ресейлік әуе компаниясын аккредитациядан өткізді, деп хабарлады ААК баспасөз қызметінен.
«Бүгін Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасында «Северный ветер» (Nordwind) ресейлік авиакомпаниясының аккредиттеу туралы куәлік берді. Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде "Северный ветер" әуе компаниясы Самара-Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рет жиілікте тұрақты түрде жолаушыларды тасымалдауды жоспарлап отыр. Әуе компанияның паркі Boeing және Airbus ұшақтарының ең танымал үлгілерінен жасақталғанын атап өткен жөн», - делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, Қазақстанға ұшулар Boeing 737 және Airbus 321 ұшақтарында орындалады.

adimage