Ресейлік әуе компаниясы Санкт-Петербург-Астана бағыты бойынша ұшуды бастамақ

Күні: 12:22, 14-02-2019.

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Ресейлік «Red Wings» әуе компаниясы Санкт-Петербург-Астана бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінен.
«Дипломатиялық арналар бойынша ресейлік авиациялық биліктен аптасына 7 рейс жиілігімен Санкт-Петербург-Астана бағыты бойынша ұшуларды жүзеге асыруға «Red Wings» әуекомпаниясына ұсыным берілді», - делінген хабарда.
Ведомство ақпарынша, қазіргі таңда Астанадан Санкт-Петербургке тікелей рейстерді қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы аптасына 6 рет жиілікпен орындалып жатыр.
«Бұған дейін ресейлік тараптан аталмыш бағыт бойынша «Ресей» әуекомпаниясы орындап келді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: