Ресейлік әуетасымалдаушы желтоқсанда Алматы–Екатеринбург жаңа рейсін іске қосады

Күні: 12:18, 16-10-2019.

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Ресейлік әуетасымалдаушы желтоқсанда Алматы–Екатеринбург жаңа рейсін іске қосады, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
«22 желтоқсанда ural airlines әуекомпаниясы Екатеринбург пен Алматы арасында жаңа рейсті іске қосады. Рейстер аптасына екі рет A320 типті әуе кемелерінде орындалады. Екатеринбургтен жұма және жексенбі күндері сағат 22:00-де, Алматыдан - дүйсенбі мен сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 07:15-те ұшатын болады. Ұшу ұзақтығы - 3 сағат. Ural Airlines - ірі ресейлік әуекомпаниялардың бірі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ол 9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 13% -ға көп», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: