Ресейліктер Байқоңырда туристердің ұшып келуіне арналған ғарыш айлағын салудан бас тартты

Күні: 12:46, 25-01-2019.

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ – Жеке суборбиталық ұшуларға арналған кемелер жасайтын ресейлік "КосмоКурс" компаниясы ұшулар үшін Байқоңыр ғарыш айлағын қолдану идеясынан бас тартты.
"Біз Байқоңырға бардық, бізге ол жақта жақсы учаскелерді көрсетті. Бірақ бізге Байқоңыр жарамайды, себебі ол өте алыс, ол Ресей Федерациясы емес, Қазақстан. РФ құзыретінде болғанымен, барлық меншігі Қазақстанға тиесілі, соған байланысты олармен көп нәрсені келісу керек", - деп келтіреді ТАСС компанияның бас директоры Павел Пушкиннің сөзін.
"КосмоКурс" туристердің суборбиталық коммерциялық ұшулары үшін көпреттік кешен әзірлейді. Алты адам мен бір нұсқаушыдан тұратын экипаж 200 шақырым биіктікке 15 минутқа ұшады деп болжануда. Алғашқы ұшу 2025 жылға жоспарланған.
Пушкиннің айтуынша, қазір «КосмоКурс» Ресей аумағында ұшу кешенінің құрылысы мүмкіндігін қарастыруда.
"Қазір біз Ресейдің орталық бөлігінде ғарыш айлағын салу жағын қарастырып жатырмыз. Бізде бірнеше өңірмен ғарыш айлағын сол жерде орналастыру туралы белсенді келіссөздер жүргізілуде. Әзірге біз оның қандай өңірлер екенін айтпаймыз", - деп атап өтті Пушкин.
Оның айтуынша, Мәскеуден нысанға дейінгі жол екі сағаттай уақыт алады. «Біз үшін арнайы шағын ғарыш айлағы салынатын болады, ол жерге Мәскеуден бір-екі сағатта ұшақпен ұшып жетуге болады", - деді агенттік тілшісі


Жаңалықтармен бөлісу: