Ресеймен шекаралас бірқатар ҚР өңірлерінде қарақұмық бағасы айтарлықтай көтерілді - мониторинг
Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ – Данияр Дәуітәлиев. Ресеймен шекаралас бірқатар ҚР өңірлерінде қарақұмық бағасы айтарлықтай көтерілгенін, ҚазТАГ тілшілері азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі көрсетіп тұр.
Мысалы, меншікті тілшілердің мәліметтерінше, Петропавлда қарақұмық бағасы 1 кг үшін 69 теңгеге қымбаттап, Т191 болса, Оралда Т41-ге көтеріліп, Т171 болды, Ақтөбеде – Т31-ге қымбаттап, Т172-ден, Атырауда – Т12-ге қымбаттап, Т135-тен сатылып жатыр. Семейде де қарақұмық Т43-ке қымбаттап, Т197-ден сатылуда. Қарақұмық ең қымбат сатылып жатқан қалалар Астана мен Алматыда – сәйкесінше, Т290 және Т200-ден.
Еске салсақ, БАҚ мәліметтерінше, шекара маңындағы қазақстандық қалалардағы қарақұмық бағасының қымбаттауы биыл Ресейдегі қуаңшылықтан қарақұмық өнімі аз жиналуымен байланысты болып отыр.
Одан басқа, Астанада 1 кг күріш алдыңғы аймен салыстырғанда Т50-ге қымбаттап Т300-ден сатылуда. Өскеменде Т273 (+Т4) және Семейде – Т266 (+Т16).
Макарондарға ең қымбат баға Астанада - Т330 (+Т130) және Өскеменде (+Т13). Ең арзаны Ақтауда – 1 кг үшін Т108.
Шымкентте бидай ұнтағы өткен аймен салыстырғанда Т33-е қымбаттап, Т246-дан сатылуда, ал Таразда баға бұрынғысынша Т80 болып тұр. І сорт ұннан пісірілген нан бағасы Шымкенттегі Т37-ден Өскеменде Т63-ке дейін барады. Жалпы алғанда Қазақстанда нан бағасы өзгермеді десе де болады.
Еске салсақ, ҚазТАГ тілшілері азық-түлік бағасын есептегенде әр өнім бағасын үш сауда нүктесінде: супермаркет, базар мен тілшінің үйінің жанындағы дүкендерден алып, орташа бағасын шығарып, еліміздің басқа қалаларындағы бағамен салыстырады. Ұсынылып отырған кестеде аталған қалалардағы бағалармен салыстырылған орташа бағалар көрсетілген.
|
І сорт нан |
Ұн, 1 кг |
Күріш, 1кг |
Қарақұмық, 1 кг |
Макарондар, 1 кг |
Бидай ұнтағы, 1 кг |
Ақтау |
58 (0) |
143 (0) |
231 (0) |
125 (0) |
108 (0) |
206 (0) |
Ақтөбе |
47 (-3) |
125 (-23) |
234 (+4) |
172 (+31) |
127 (-10) |
112 (-16) |
Алматы |
57 (0) |
153 (+3) |
240 (-5) |
200 (0) |
140 (-10) |
141 (0) |
Астана |
55 (0) |
300 (-10) |
300 (+50) |
290 (-10) |
330 (+130) |
200 (+40) |
Атырау |
46 (0) |
173 (+4) |
228 (+13) |
135 (+12) |
168 (+13) |
125 (+3) |
Қарағанды |
44 (-1) |
142 (+4) |
209 (-7) |
145 (+38) |
125 (-5) |
100 (0) |
Көкшетау |
60 (-1) |
133 (-3) |
235 (-11) |
143 (-10) |
165 (-20) |
126 (+13) |
Павлодар |
49 (0) |
112 (-24) |
244 (-10) |
107 (-8) |
138 (-18) |
97 (-1) |
Петропавл |
50 (+4) |
129 (+3) |
222 (+6) |
191 (+69) |
158 (-7) |
116 (-7) |
Семей |
55 (+2) |
137 (0) |
266 (+16) |
197 (+43) |
145 (-8) |
142 (-31) |
Талдықорған |
53 (0) |
247 (0) |
261 (0) |
163 (0) |
142 (0) |
217 (0) |
Тараз |
43 (0) |
287 (0) |
230 (0) |
120 (0) |
180 (0) |
80 (0) |
Орал |
45 (-2) |
118 (-6) |
191 (-29) |
171 (+41) |
150 (+4) |
125 (-9) |
Өскемен |
63 (0) |
137 (-5) |
273 (+4) |
187 (-5) |
256 (+13) |
200 (+14) |
Шымкент |
37 (-2) |
128 (+12) |
235 (-6) |
130 (-25) |
162 (+2) |
246 (+33) |