Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ - Республикалық ономастикалық комиссия Семейде екі көшенің атауын өзгертуді мақұлдады, деп хабарлады altaynews.kz.
«Облыстық тілдерді дамыту орталығының мамандары көшелерге берілетін жаңа есімдер қала өміріне тың серпін беріп, идеологиялық өткенінен арылтады деп санайды. Әлемдік пролетариат көсемінің есімінің орнына Семейдегі орталық көшелердің бірі Мәңгілік ел деп, ал Полковничий аралы – Бейбітшілік аралы деп аталатын болады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұл ретте республикалық ономастикалық комиссия осы екі көшенің атауын өзгерту жобасын мақұлдады.
«Семей қаласы мәслихатының депутаттық корпусы да қолдады. Облыс деңгейіндегі халық қалаулыларының қолдауы ғана қалды», - деп атап өтті өңірдегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ШҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а Роза Толемісова.
Республикалық ономастикалық комиссия Семейде екі көшенің атауын өзгертуді мақұлдады
