Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының бөлім меңгерушісі Ғали Жолдығұлов: ПЕДОФИЛИЯ – ОЛ ӘЛЕУМЕТТІК АУРУ

 

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР ішкі істер министрлігінің мәліметтерінше, 2010 жылдың 9 айында елімізде педофилияның 94 фактісі тіркелсе, 2011 жылы осындай аралықта 111 осындай қылмыс, ал 2012 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты 248 зорлау, 120  жыныстық күш көрсету сипатындағы қылмыс тіркеліпті.

Педофилдер кімдер – саналы түрде осындай қылмысқа баратындар ма немесе психикалық аурулар ма, оларды дер кезінде тану мүмкін бе және олардан балаларды қалай қауіпсіздендіруге болады?

Осы турал ҚазТАГ агенттігіне Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының ғылыми зерттеу жұмыстарының сапа менеджментінің бөлім меңгерушісі Ғали Жолдығұлов айтып берді.

 

- Ғали Әбдұлғаизұлы, қылмыстық полиция статистикасы қаншалықты шындыққа сай келеді, ол қылмыс келбетін нақты көрсете ала ма?

 

- Бізде дәл мәліметтер жоқ, себебі бізде шынайы статистика жоқ. Бізде жас балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар тіркелгенімен ол медициналық статистика емес, заңгерлік, полициялық статистика. Бірақ ол нақты көріністі сипаттамайды, себебі ондай қылмыстар көп жағдайда тексерілмей, жасырын қалады ғой.

Жалпы алғанда, қолда бар әлемдік статистика бойынша, жас балаларға жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасайтындарды арасында нағыз педофилдер 1% шамасында. Олар медициналық критерилер бойынша ауру адамдар деп танылатындар. Ол пайыз уақыт өте өзгермейді деп есептеледі, сондықтан педофилия медициналық құбылыс ретінде өсіп келе жатыр деу онша қисынсыз.

 

- Нағыз педофильдер дегеніміз кімдер және оларды «нағыз еместерден» қалай ажыратуға болады?

 

- Нағыз педофилия – ол, ең алдымен жыныстық құштарлықтың ауытқуы. Ауру адам жыныстық қиял сезініп, оның ойына жыныстық құштарлығын оятатын, айталық, жас балалармен жыныстық қатынас сияқты нәрселер түседі. Және ол құбылыстар оны мазалайды, себебі ол сезімдерін қазір және осы жерде қанағаттандыра алмайды. Оның бәрі терең бұрмаланған инстинктік түртпектерге қатысты.

Бұл ретте бала немесе ересек адам педофилді танитындай нақты белгілері болмайды. Сырт қарағанда ол қарапайым адам. Тіпті диагностардың өздері оның сырт мінезінің көрінісіне емес, оның интрапсихикалық ерекшеліктеріне назар аударады – ол өзін қиял жеп жүргенін т.б. айтып беруі тиіс. Оны қарапайым адамнан айыру мүмкін емес.  

Ал қылмыстық жаңалықтарда еститіндердің көбі мас күйінде жыныстық бұзық мінез танытатын қылмыскерлер. Олар өздерінің құштарлық сезімдерін тізгінсіз жіберген адамдар. Медициналық тұрғыдан олардың барлығы бірдей педофилдер емес. Олар өздерінің бақылау тізгінінен айрылған кезде ғана сондай педофилдерге айналып шыға келеді.

 

- Онда педофилияны жыныстық бағыттанудың бір түрі деп атауға бола ма? Қазір шетелдің ғылыми және танымал дерек көздерінде осындай көзқарас кеңінен талқылануда.

 

- Қазір әлемдік психиатрия үлгі етіп отырған ауруларды американдық классификациялауда (DSM)педофилияны аурулар қатарынан шығарып тастап, оны ең алдымен медициналықтан гөрі, әлеуметтік және заңгерлік проблема деп есептейді. АҚШ-та қазір патологиялық және патологиялық емес педофилия туралы айтады. Бұл бүкіл дүниежүзілік медициналық тәжірибеде пайдаланатын шығар. Бізде дәл сондай болады, себебі біз американдық классификацияға және оның нұсқаларына (МКБ) қараймыз, ал классификация қандай да құбылысты түсіндіруде – оларды ауру деп атау не атамауда - беделді деген көптеген ғалымдар пайдаланып жүрген түсінікті көрсетеді. Расын айтқанда, АҚШ-та қандай да аурулар классификация аясында дауыс беру арқылы бекітіледі.  МКБ-10 –да (қазіргі қолданыстағы Халықаралық аурулар классификациясы – ҚазТАГ), «мұрнын шұқылау» (F98.8 ) да диагноз болып табылады. Күлкілі болғанымен біз сол МКБ-10-ды қолданамыз. Сондықтан педофилия патология деп танылмайтын болса, мен оған таңданбаймын.

 

- Нағыз педофилдерді емдеу мүмкін бе, немесе олар айналасына қауіп төндірмес үшін олардың жағдайының тұрақты жақсаруына қол жеткізуге бола ма?

 

- Оны үзілді-кесілді ешкім де айта алмайды. Бұрын қолданылатын ем, негізінен нейролептиктермен – құштарлықты басатын психотроптық препараттармен емдеуге бағытталған, және оның қосалқы эффектілеріне ешкім мән бермейтін, ол маңызды емес тұғын. Ең тиімді және балама деп танылған химиялық піштіру де осындай әсер етеді. Бірақ рецидивтер бәрібір бар, және ол бола да береді. Сондықтан педофилияны түбегейлі емдеуге болады деп нақты айтуға болмас. Бұл жерде кешенді шаралар – химиялық заттардан басқа оны сыртынан қоршау керек, онда педофил бақылауда болуы керек. Сонда қауіпті төмендетуге болар. Онда рецидивтің  қайталану ықтималдығының жоғары-төмендігі туралы айтуға болар.

 

- Демек химиялық піштіру тиімсіз болғаны ғой?

 

- Бұл жерде оның оң және теріс тұстары да бар. Бір жағынан химиялық кастрация – гармоналдық саланы сөндіретін, атап айтқанда, қандай да құштарлықтың биохимилық негізін басатын дәрілерді ішу. Көп жағдайда ол ерікті түрде жүргізіледі және хирургиялық піштіруге қарағанда жұмсақтау. Рецивтер бар, бірақ мен ол тиімсіз ем деп айтпаған болар едім. Еуропа елдерінде бұл әдіс ондаған жылдар бойына қолданылып келеді. Әрине, қандай да ауытқулар бар, дегенмен олар көп емес.

Екінші жағынан бұл «қымбат рахат», әсіресе, біздің еліміз үшін. Бір иньекция 200-300 доллар тұрады, ал иньекцияны әсері болуы үшін үш жыл алу керек. Оның үстіне түрмеде оны бағып-қағу керек. Осының барлығы бір адамға алғанда айтарлықтай үлкен сомаға айналады.

 

- Жас балаға қатысты зорлық әрекеттерді сіз айтқандай, нағыз емес педофил жасаса, ол түрмеден шыққан соң қайтадан ондай қылмыс жасамайтын ықтималдығы қандай?

 

- Ол қайтадан ондай қылмыс жасауы әбден мүмкін. Осындай қылмыстары үшін сотталғандардың көбі қандай да психобелсенді заттардың әсерімен – алкоголь, есірткі мен т.б. әсерімен жасайды. Егер олар осындай психобелсенді заттарды пайдаланбайтын болса, рецидив қайталану ықтималдығы төмендейтіні белгілі. Ал оған ешкім кепіл бере алмайтындықтан ол қайтануы ықтимал. Ол қылмыс. Рецидивистер сондықтан рецедивистер, себебі олар қайталауға бейім болады. Ол медицналық емес, таза адами фактор.

 

- Баланың басынан өткерген зорлығы қаншалықты оның психикасына әсер етеді?

 

- Қандай да физикалық әрекеттермен жалғасатын зорлық фактісінің өзі психикасына жарақат салу. Бұл жерде отбасы зардап шегеді. Бұл ретте, егер психикасына жарақат салған жағдайды басынан өткерсе, ал отбасы осы жағдайға тым ерекше мән берсе, психотравма салдары қалады. Сондықтан сау отбасы бұл жағдайды мейлінше тез ұмытып кетуге, бала назарын басқаға аударуға, қандай да оң әсерлермен алмастыруға тырысады. Ең бастысы, болған оқиға туралы барлық естеліктерді бала есінен тез арада шығарып тастау.

Ал келешекте байқалуы мүмкін қауіп – сол зорлық құрбанының өзінің педофилге айналу қаупі. Статистика бойынша педофил танылатын адамдардың көбі жас кезінде өздері осындай зорлыққа душар болғандар. Бұл американдықтардың мәліметтері. Оларда сауалнама алынған педофилдердің саны айтарлықтай. Олардың барлығы дерлік жас кездерінде ересектер тарапынан жыныстық зорлық көргендер.

 

- Зорлық көруден басқа, тағы қандай факторлар педофилияның дамуына әсер етеді?

 

- Егер нағыз педофилияны алсақ, онда қан қуалайтындық бар. Тұқым қуалайтын белгілі бір элементтер жинағы жасөспірім кезінде гармондық қалыптасуында жыныстық құштарлықты педофилияға қарай бейімдеп жібереді. Жасы да ықпал етуі мүмкін – көп жағдайда енді басталып келе жатқан деменеция (ақылы аздық – ҚазТАГ) адам мінезінде балаларға деген жыныстық құштарлықты оятуы мүмкін. Адам тізгінінен айрылады. Оның себебі ауыр жарақат, нейроинфекция – ми қабатына қатысты, мінезді бақылауға қатыстының барлығы болуы мүмкін. Ол құштарлық саласын ағытып тастайды, және ол құштарлық қандай бағытта өрбитінін ешкім де айта алмайды.

 

- БАҚ беттерінде педофилия тақырыбын көп жаза беру кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстың өсуіне әкеледі деген пікірі бар. Ол солай ма?

 

- Ол БАҚ-тардың қандай мақсат көздегеніне байланысты. Егер мақсат –азаматтарға осындай проблема бар екендігі туралы болса, ақпарат белгілі түрде берілуі тиіс – фактілер, цифрлар және қандай да болжамдар, одан артық емес. Ал егер ток-шоуда талқыланатын болса, ондағы мақсат көрермендер аудиториясын кеңейту, сәйкесінше, арна рейтингін көтеру.

БАҚ рөлі орасан зор, бірақ барлығы осы ақпаратты қалай тарататындығында. Менің жеке пікірім, егер педофилия тақырыбы тым көп айтылатын болса, жас балалар ересектермен сөйлесуге де қорқатын, ал ересектер балалармен сөйлесуге қорқатын болады. Сөйтіп буындар арасында алшақтық туындайды, себебі жас балалар әр ересектен әлеуетті зорлаушыны көретін болады.

 

- Балалар тіпті танымайтын ересектермен қорықпай неге кете береді?

 

- Бұл жерде, әдетте, балалар көз алдында уәде етілген шоколадқа, не басқа да көзтартарлық жақсы бір нәрсеге алаңдап кетіп қалатынын ескеру керек. Ол балалар жасының ерекшелігі.

Мен әке ретінде балаларды кез келген кездескенмен сөйлеспей, егер саған жақындап келсе, әкесін не анасын шақыру керек деп үйреткен болар едім. Түсінікті түрде. Баланың логикасы әлі дамымаған, оған егер ол танымайтын адаммен кетіп қалса, ол пәлекетпе ұрынарын түсіндіру қиын. Ол түсіндірулердің жартысын ол құлағына да ілмейді.

Одан басқа, егер бала шоколадтың артынан еріп кете беретін болса, ол отбасындағы тәрбиедегі кеткен олқылықтан. Өскелең буында көп жағдайда материалдық құндылықтардан басқа, дөрекі түрде айтсақ, дүниеқоңыздықтан басқа ешнәрсе жоқ, бастарында.

 

- Яғни, бұл жерде ең дұрыс қорғаныс – ата-аналарының дұрыс мінездері бола ма?

 

-Көп атааналар балаларын жалғыз жібермейді. Егер бала қандай да уақытқа көзден таса болса, онда ата-аналары қайда қарады деген сауал туындайды. Демек, ондай ата-аналар баланың жасын, ол қауіпті түсінбейтіндігін ескермейді. Бұл ата-аналардың міндеті болуы керек, осындай оқиғалардың алдын алып, нақты өмірде болмауын қамтамасыз ету.

Бүгінгі қоғамда тәрбиеге қатысты жалпы мәселе қиын екенін ескеру керек. Адамгершілік ұстанымдары бұлыңғыр, моральдық нормалары да бұрынғы шекарасынан айрылып барады. Ол жастайынан басталады, ол жүйелік жіберілген қателік. Кеңестік тәрбиеге әр түрлі қарауға болады, бірақ онда ең алдында моральдық компонент болса, бізде қазір ол жоқ.

 

- Мен білемін, Сіз педофилияның алдын алу бағдарламасын дайындауға қатысқансыз. Неге ол бағдарлама енгізілмей қалды?

 

- Йә, біз үш жылға есептелген бүтіндей ғылыми-техникалық бағдарлама дайындағанбыз, зерттеу мақсатымен түрмелерге бармақшы едік. Ол бағдарлама ІІМ мен ҚАЖК-мен бірлесе жүеге асырылуы тиіс тұғын. Оның мақсаты педофилияны жан-жақты зерттеп, оны емдеудің кешенді бағдарламасын дайындау тұғын.

Біз ондай адамдарды мәжбүрлеп емдеу керектігін, атап айтқанда химилық піштіруді ғылыми негіздемек болғанбыз, Педофилия сынды құбылыстың бұрқ ету фактісінің өзі ондай бағдарламаны қажет етеді. Бізде ол бағдарлама БАҚ беттерінде көргенділік, заңдылық тұрғысынан жазылып жатқанымен медициналық тұғыдан ол проблема жазылған емес.  Бізде сексопатологтар елімізде жоқтың қасы, бір қолдың саусағымен санарлық.

Денсаулық сақтау министрлігі біздің бағдарламамызды мақұлдады, ал қазір барлық ғылыми-техникалық бағдарламалар білім министрлігінде мақұлдануы тиіс, ал ондағылар бұл бағдарламаны өзекті емес деп тапты.

 

- Егер білім министрлігі өз көзқарасын өзгертпейтін болса, сіздің ғылыми орталық қалай да педофилия тақырыбын зерттеуді жалғастыра бере  ма?

 

- Бұл тақырыпта зерттеулер жүргізу үшін қаражат керек. Жеке инвесторларға ол қызық емес, ал мемлекет тарапынан ол қаржыландырылмайды. Бұл жағдайда ешкім де Қазақстанда іссапармен жүргісі келмейді. Тіпті ол жалғыз адам болса да, ол ғылыми орталық бюджетінде үлкен «тесік» жасайды. Бізде қазір барлығы да ғылыми кадрлар мен қаражатқа тіреліп отыр. Бірақ бұл проблема ешқайда жоғалмайды, және әлі көптеген адамдарға пәлекет әкелері сөзсіз.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage