Республикалық және жергілікті жолдардың жыл сайынғы жөндеу жұмыстары сапасыз жасалады – Тоқаев

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын сынға алды.
«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», - деп жазды Тоқаев жұма күні Twitter-де.
Сонымен қатар ол үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды.

adimage