Республикашылдар АҚШ конгресіне өткен аралық сайлауда жеңіске жетті

Күні: 10:30, 05-11-2014.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – АҚШ конгресіне өткен аралық сайлауда Республикашылдар Кентуки, Батыс Вирджиния штаттарында жеңді, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.  
Оны сейсенбі күні сайлау учаскелерінен шыққан американдық сайлаушылардың арасында жүргізілген экспресс-сауалнама нәтижелері көрсетіп тұр.  
Алдын-ала алынған мәліметтер бойынша Кентукиде сенаттағы республикалық азшылықтың көшбасшысы Митч Макконнелл Демократиялық партиядан шыққан өзінің қарсыласы Элисон Ландергэн Граймстен басым болды. Батыс Вирджинияда республикалықтардан үміткер Шелли Мур Кэпито, отставкаға кеткен сенатор-демократ, атақты өнеркәсіпшілдер мен қаржыгерлер әулетінің өкілі Джей Рокфеллердің орнына таласта қарсыласы Натали Теннанттан басым түсті.
Сарапшылар осы сайлаудың нәтижесінде оппозициялық Республикалық партия 2006 жылдан бері тұңғыш рет конгресстің жоғарғы палатасына бақылауды өз қолына ала алады деп отыр. Ол үшін олар сенаттан алты орын жеңіп алса болды. Қазір сенатта 53 орын демократтарда, 45  орын республикалықтарда және 2 орын тәуелсіз заң шығарушыларда.
Агенттіктің хабарлауынша, егер республикалықтар сенатта басым болатын болса, онда Макконнелл көпшіліктің көшбасшысы болады. Сонымен қатар Республикалық партия өкілдіктер палатасындағы да өзінің позициясын нығайта түседі деп күтілуде. Бұл жағдай оппозицияға заңнамалық күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, демократ-президент Барака Обама үшін ішкі саяси қиындықтар тудыруы мүмкін.
АҚШ конгресіне ссы аралықтағы сайлау барысында өкілдіктер палатасы мен 100 сенатордың 36-сы толығымен қайта сайланады. Елдің 50 шатының 36-сында губернаторлар, көптеген қалалардың мэрлері мен жергілікті заңнамалық жиналыс мүшелері қайта сайланады. Сайлау аралық сайлау деп аталып отырғаны - оның төрт жылда бір рет өтетін президенттік сайлаудың ортасында өтіп отырғандығынан.


Жаңалықтармен бөлісу: