РФ аумағынан ығысқан атмосфералық тұтас ағым Қазақстанның солтүстігіне, шығысы мен орталығына жылы ауа әкеледі

Күні: 14:17, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – РФ орталығынан ығысқан атмосфералық тұтас ағым Қазақстанның солтүстігіне, шығысы мен орталығына жылы ауа әкеледі; республиканың оңтүстігінде тұман түсіп, жауын-шашын күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«(...) ертең-ақ Ресей орталығынан жылы атмосфералық ағым жақындауымен Қазақстанның солтүстігіне, шығысы мен орталығында жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанады, ал сонымен қатар түнгі температура көтеріліп, -5-13 градус болады», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Бұл ретте Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 12-13 қарашада жауын-шашындатып, көбінесе қар жауып, тұман түседі деп күтілуде.
«Республиканың тек батысы ғана жоғарғы атмосфералық тұтас ағым ықпалында болып, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз, бірақ түнгі және таңертеңгі уақыттары тұман түсіп, ауа температурасы осы өңірге тән көпжылдық орташа температура маңында болады», - деп қорытындылады синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: