РФ Ленинград облысында қазақстандық жүк көлігінің қатысуымен орын алған ЖКО-да екі бала қайтыс болды

Күні: 10:51, 31-05-2019.

Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ – Кеше Ресейдің Ленинград облысында қазақстандық жүк көлігінің қатысуымен орын алған ЖКО-да екі бала қайтыс болды, деп хабарлады ТАСС.
«ЖКО салдарынан Nissan көлігінің жүргізушісі – 1973 жылы туылған әйел жеңіл дене жарақатын алған. Оның жолаушылары – алты жасар екі бала қайтыс болды», - деп хабарлады Санкт-Петербург және Ленинград облыстарының ЖҚҚМИ басқармасының баспасөз қызметінен.
Жол апаты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18.30-да Всеволжский ауданы Санкт-Петербург-Морье тас жолында орын алған.
«Nissan көлігі қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігіне соққан. ЖҚҚМИБ ақпарынша, жүк көлігі Қазақстанда тіркелген. Әйел ЖКО-дан кейін ауруханаға жеткізілген», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: