Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Ресей мен Гватемала СІМ басшылары Сергей Лавров пен Сандра Эрика Ховель Поланко сейсенбі күні ғарышта алғаш болып қару-жарақ орналастырмау туралы ортақ мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлады ТАСС.
Мәлімдемеге БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясында жалпы саяси пікір-талас өтіп жатқан Нью-Йоркте қол қойылды. С.Лавров салтанатты шара барысында РФ мен Гватемала арасындағы қарым-қатынас серпінді дамып келетінін, және Бас Ассамблея алаңындағы қысқа кездесу барысында әріптестіктің барлық аспектілерін талқылаудың мүмкін еместігін атап өтті.
«Мәскеуге келіңіз, бұл туралы толығырақ сөйлесуге мүмкіндік болады», - деді ресейлік министр Х.Поланко.
РФ мен Гватемала ғарышта бірінші болып қару-жарақ орнатпау туралы мәлімдемеге қол қойды
