Әркен Арыстанов, АӨҚО ҚРА төрағасы РЕЙТИНГТЕР - ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЖЕТ ҚҰРАЛДАРЫ

 

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. Рейтингтік агенттіктердің жаһандық және ұлттық деңгейде сын айтылып жатқанына қарамастан, ҚР Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (АӨҚО ҚРА) Қазақстанда рейтингтік агенттіктердің жүйесін дамытуды жоспарлап отыр. ҚазТАГ тілшісімен Қазақстанда бұл жүйе қалай даму керектігі туралы ойларымен АӨҚО ҚРА төрағасы Әркен Арыстанов бөлісті.

 

- Халықаралық валюта қоры World Economic Outlook шолуында реттеушілерге пруденциалдық нормативтерді рейтингтермен байланыстыру тәжірибесінен бас тартуға кеңес береді. ХВҚ-ның бұл әрекеті дұрыс па?

 

- Жоқ. Мен ол кеңестерді оқығанмын, онда тек рейтингтік бағалауларға ғана арқа сүйеуге болмайтыны айтылған. Бұрын қалай болатын? Рейтингболса,жақсы – нормативтер орындалады. Бірақ менің пікірімше, рейтингтер қажет, өйткені ол жерде белгілі бір ақпарат беретін сарапшылар отыр. Инвесторлар тек рейтингтік агенттіктерге ғана сенім артпауға тиіс деген басқа мәселе. Бірнеше ақпарат көзі болуы керек.

 

- Рейтингтік агенттіктерден басқа тағы қандай көздер бар?

 

- Мысалы, аудиторлық есептерді жариялау.Кеше Еуроодақтың қаржы нарықтары бойынша комиссары компанияларға аудиторды өз бетімен таңдауға тыйым салынуы мүмкін деген мәселе қарастырылып отырғанын мәлімдеді. Ұлыбританияда барлық аудиторлық есептердің 99%«үлкен төрттік» жасайды.

Бірақ мен белгілі бір талаптарға жауап беретін аудиторлық компаниялардың тізімі болуға тиіс деп ойлаймын. Монополия болмау үшін, түрлі пікірлер болуға тиіс. Біз Қазақстанда тап болған жағдай жиі кездеседі, аудиторлық компания үш жыл қатарынан аудит жүргізеді, кейін басқа компания келіп, көптеген бұзушылықтарға жол берілгенін, қате қорытынды шығарылғанын анықтайды. Қазір бұл мәселені әлемдік реттеушілер де талқылап жатыр.

 

- Қаржылық есептілік компанияның жағдайын ғана көрсетеді, бірақ рейтингтер сияқты кеңестер бермейді. Ал рейтингтер жүйесін дамытса, тежегіштер мен қарсы салмақтар жүйесін құру қажет және сәйкесінше, бағалаудың басқа әдістемелер мен жүйелері болуға тиіс. Қазақстанда және әлемде ондай жүйелер бар ма? Бағдар қандай болуы керек?

 

- Біз ҚҚА-мен Малайзияның тәжірибесін талқыладық. Малайзияда рейтингтік агенттіктерге барлық инвесторлар кіреді. Яғни, барлық банктер, сақтандыру компаниялары рейтингтік агенттіктердің акционерлері болып табылады. Сәйкесінше, олар рейтингтік агенттіктің іс-қимылын бақылап отырады және оған сенеді.

Біздің инвесторлар халықаралық рейтингтік агенттіктердің құрылтайшылары болып табылмайды. Менің ұсынысыма сәйкес, егер нарықтың барлық қатысушылары белгілі бір шешімдерге әсер етуге мүмкіндік бермейтін аз үлеспен кірсе (рейтингтік агенттікке – ҚазТАГ), нәтиже біршама объективті болатын еді.

Менің пікірімше, мұндай жағдайда ұлттық және халықаралық рейтингтік агенттіктердің берген бағасын қарастыру керек. Бұл жалғыз халықаралық немесе жалғыз ұлттық рейтингтік агенттіктің бағасынан гөрі объективті болар еді.

 

- Яғни сіз биржаның қызметіне қатты әсер етпейтін акционерлері көп Қазақстандық қор биржасында қолданылатын жүйені ұсынып отырсыз ба?

 

- Иә, шамамен солай. Егер тежегіштер мен қарсы салмақ туралы айтсаңыз, бұл - өте керемет жүйе, бірақ мінсіз емес, өйткені бұл жүйені адамдар басқарады.

 

- Демек, рейтингтік агенттіктерді бақылаудан басқа инвестициялық бағалаудың өзге құралдары жоқ болып шықты ғой?

 

- Жоқ.




adimage