Роман Креч конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінің В тобында екінші болды

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ - Роман Креч конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінің В тобында екінші болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Беларусь астанасы Минскіде конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінің соңғы жарыс күні өтуде. 500 метрге жүгіруден В финалында бақ сынаған Роман Креч екінші орыннан көрінді», - делінген жексенбідегі хабарда.
ҰОК хабарынша, Ол аталған қашықтықты 35.42 секундта жүгіріп өткен. 
«В финалындағы бірінші орынды канадалық Лорен Дюбреуил – 35.371, үшінші орынды голландиялық Хейн Оттерспир - 35.448 иеленген», - деді комитеттен.

adimage