Роман ВАСИЛЕНКО, ҚР СІМ: ҚАЗАҚСТАН АСТАНАДАҒЫ ЕҚЫҰ САММИТІНДЕ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ДИАЛОГЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫНА БАСТАУ БЕРМЕКШІ

 

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) саммитіне екі апта қалды. Бірақ әлі күнге саммиттің нақты күн тәртібі белгісіз. Осы уақытта әртүрлі саяси қайраткерлер биік және басқа да мінбелерден Қазақстанның аталған бастамасына қатысты мадақтау да және ұстамды да сөздер мен пікірлер айтып жатыр. Саммиттен не күтуге болады? ҚазТАГ осы және басқа да сауалдарын ҚР СІМ-нің халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенкоға қойған еді.  

 

- Роман Юрьевич, ЕҚЫҰ саммитіне бір айдан аз уақыт қалды. Онда серпінді шешімдер қабылданады деп күтуге болады ма?

 

- Ең бастысы саммиттің тарихи мәнге ие болатындығында, себебі ол 11 жыл үзілістен кейін өтіп отыр. Бірақ ол, президент Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің осы саммитте біз қабылдайды деп үміттеніп отырған шешімдерінің арқасында тарихи болады. Қазақстандық, ресейлік, американдық және еуропалық дипломаттар қазір саммиттің қорытынды құжатының – декларациялары мен жұмыс жоспарының негізі ретінде алынатын өзара үйлесімді шешімдер қалыптастыру жолында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Міне осыған қазір біздің дипломатияның күш жігері шоғырландырған.

Біз саммит дайын шешімдер саммиті болмайды деп есептеп отырмыз. Жаңа деңгейдегі түсіністік диалогына, жаңа форматтағы диалогқа бастау беретін бұл саммит, ЕҚЫҰ кеңістігінде жаңа серпін мен жалпы ынтымақтастық пен қауіпсіздікке жаңа серпін береді. Саммит осыған көзделген.

 

- Саммитте бұдан бұрын бірнеше рет айтылған, оның ішінде Ауғанстанды қолдау тақырыбынан басқа, қандай тақырыптар қаралмақшы?

 

- Саммитке шығарылмақшы тақырыптар біздің пайымдауымызша, қатысушы мемлекеттермен ЕҚЫҰ-ға мүше болып кіргенде өз мойындарына алған барлық негізгі міндеттерін – Хелсинкий келісімінің атақты 10 ұстанымын тағы бір қуаттауды қамтиды. Бұл өте маңызды. Сондай-ақ 1999-шы жылғы сенім және қауіпсіздік шаралары жөніндегі Вена құжатын модернизациялау мәселесі бар. Ол бойынша ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы қарсы бағыттағы әскери инспекциялар өткізіліп тұрады. Бұл құжат 1999-шы жылдан бері жаңартылған жоқ, және біз оны жаңартып, заманауи шындықты қамтитын талаптарды айқын көрсету керек деп есептейміз.

Ауғанстан ЕҚЫҰ-ға кірмейтін мемлекет. Бірақ ұйымдағы 56 мемлекеттің 43-і Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуына ат салысып отырғандар. Және саммитті өткізу қарсаңына Ауғанстан тақырыбы басқа да алаңдарда, атап айтқанда Лиссабондағы 20-шы қарашада өтетін НАТО саммитінде де талқыланады. 

Біз ЕҚЫҰ әлеуеті бар салаларда жобаларды күшейту арқасында ұйым ретінде өз үлесін қоса алады деп есептейміз. Дәлірек айтқанда: полицейлерді, шекарашыларды дайындау, Ауғанстандағы сайлауларға дайындық, бақылау жүргізу мен оны өткізуде. Осы салалардың барлығында ЕҚЫҰ жұмыс жүргізіп жатыр. Және Қазақстан бұл жұмыстардың көлемін арттыруды ұсынады. Бұрын хабарланғандай, біз аздап болса да, ондаған ауған мамандарына есірткі трафигімен күрес саласындағы жаттығуларын өткіздік.

Одан басқа, біз Қырғызстандағы жағдай талқыланатын шығар деп ойлап отырмыз. Әрине, онсыз болмайды.

Экономикалық салада (ЕҚЫҰ-ның екінші себеті – экономика-экологиялық – ҚазТАГ) біз 1999-шы жылғы Бонн құжатының және 2003-ші жылғы Маастрихт стартегиясының жаңартылуын талап етіп отырмыз. Сіздің есіңізде болса, біздің президент «Маастрихт +» құжатын дайындауды ұсынды. Ол ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара ынтымақтастығының ең перспективалы және басым салаларын айқындауы тиіс болатын.

Бұрын біз жүктер, тауарлар мен қызмет түрлерінің тасымалдауын жеңілдету үшін шекара қосындарындағы өткізу процедураларын оңтайландыру тақырыбын алдыға қойғанбыз. Біз үшін бұл принципті мәселе.

Біз толеранттылық пен кемсітпеушілік мәселелері де айтылады деп есептейміз. Бұл біздің бірінші күнен ұсынып жүрген тақырыптарымыз. Біз бұл мәселені ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің башыларымен тағы бір талқылап алғанымыз дұрыс деп есептейміз. Және олар проблемалары бейбіт жолмен немесе басқа да қауымдастықпен шешілетін мейлінше толерантты қоғам құрауға тырысып жатқанына қолдау білдірмекшіміз. 

 

- Жақында Қазақстандағы Әзербайжан елшісі, Баку саммит барысында Таулы-Қарабах шиеленісін де талқылайтын шығар деген үміті барлығын білдірді...

 

- Ия, созылмалы шиеленіс мәселесі  - ЕҚЫҰ-ның бірінші – әскери-саяси себетінің ең басты мәселесі. Әрине, бұл мәселелер де саммитте талқыланады.

 

- Саммиттің ақтық күн тәртібі қашан белгілі болады?

 

- Мен ол кездесу қарсаңында белгілі болар деп ойлаймын. Қазір белсенді пысықтау жүріп жатыр. Дүйсенбі күні ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Венада ұйымның тұрақты кеңесінде сөз сөйлейді. Онда ол қазіргі жағдай мен Қазақстанның төрағалығы кезеңіндегі осы уақытқа дейінгі жетістігіне тоқталады. Мен күн тәртібі де, және қорытынды құжаттар да соңғы минуттарға дейін үйлестірілетін шығар деп ойлаймын.

 

- Мемлекеттік хатшының Венаға сапары барысында қандай да құжаттарға қол қою жоспарланған ба?

 

- Жоқ. ЕҚЫҰ аясында ұйымның бас хатшысымен, ЕҚЫҰ хатшылығымен кездесу болып, онда жағдайға баға беріліп, саммитке дейінгі кезеңге жұмыс жоспарланады. Венада Австрия, сондай-ақ МАГАТЭ басшылығымен кездесу жоспарланған.

 

Суретті «MEDIALIFE» қоғамдық қоры берді.  


adimage