Өрт шығу қаупі салдарынан Ақтау әуежайынан 100 адам эвакуацияланды

Күні: 16:27, 03-01-2019.

Алматы. 3 қаңтар. ҚазТАГ - Өрт шығу қаупі салдарынан Ақтау әуежайынан 100 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ИнАктау.
«3 қаңтарда шамамен 06.00-де Ақтау әуежайында желінің қысқа тұйықталуы орын алды. (…) Қысқа тұйықталу салдарынан шыққан түтін желдеткіштер арқылы терминалдарға тарады. Біз адамдарды эвакуациялау бойынша шұғыл шаралар қабылдадық. Төтенше жағдай орын алмады, өрт болған жоқ. Түтін салдарын өзіміздің өрт сөндіру қызметімізбен толық жойдық. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады бейсенбіде әуежайдан.
Әуежай өкілдерінің ақпарынша, ТЖ орын алмаған.


Жаңалықтармен бөлісу: