Рудныйда алты жасар қыз бесінші қабаттың балконынан құлап қалды

Рудный. 28 қазан. ҚазТАГ - Рудныйда алты жасар қыз бесінші қабаттың балконынан құлап қалды, деп хабарлады alau.kz.
«Хабар 15.19-да келіп түсті. Бесінші қабаттан 6 жасар қыз баланың құлап қалғаны хабарланды. Баланың бас миы шайқалған, ішінің беткі қабаты, арқасының төменгі жағы мен жамбасы жарақаттанған. Зардап шегуші Рудный ауруханасына жеткізілген. Қазір оны Қостанай облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыстыру мәселесі қаралуда», - деп хабарлады Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Өкінішке орай, балалардың көп қабатты үйлердің терезелерінен құлауы жиілеп кетті.

adimage