Рудныйда сәбиін тастап кеткен адам анықталды

Күні: 12:27, 12-09-2018.

Алматы. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Рудныйда сәбиін тастап кеткен адам анықталды, деп хабарлады   Alau.kz.
«Рудный қаласында жаңа туылған сәбидің табылу дерегі бойынша ҚР ҚК 119б.1б.  сотқа дейінгі тергеу жүрргізілуде», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда бала ауруханаға жеткізілді, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адам анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шұғыл-тергеу амалдары жүргізілуде. Еске салсақ, Қостанай облысында жанармай құю бекетінің жанынан жаңа туылған сәби табылған еді.  


Жаңалықтармен бөлісу: