Рудныйда ССТБӨБ екі қызметкері металл-қож қоспасы атқылауы кезінде зардап шекті

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ - «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССТБӨБ) АҚ екі қызметкері Рудныйда металл-қож қоспасының атқылауы кезінде зардап шекті, деп хабарлады «ССТБӨБ» АҚ корпоративті коммуникациялар жөніндегі қызметтен.
«15 қарашада сағат 21.00-де ССТБӨБ металл прокат зауытында екі қызметкер жүрген жұмыс жасау бетіне метал-қож қоспасы атқылаған. Қызметкерлердің бірінің мойны мен қолы күйсе, екіншісін үшінші дәрежелі күйік шалған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, екі жұмысшы да қазіргі уақытта ауруханада жатыр.
«Қызметкерлерін емдеу шығындарын кәсіпорын өтейді. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда», - делінген хабарда.

adimage