Ұрылар Атырау облысында Прорва кен орнындағы кәсіпорынға түскен

Күні: 14:40, 03-05-2019.

Атырау. 3 мамыр. ҚазТАГ – Ұрылар Атырау  облысы Прорва кен орнындағы кәсіпорынға түскен, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Жылыой ауданы Прорва кен орнында орналасқан кәсіпорынға ұрылар 28 сәуір күні түскен. Ұрылардың мақсаты ЖЖМ ұрлау болған. Олар «КамАЗ»-ға 24 тонна дизель отынын құйып алып, белгісіз бағытта іздерін жасырған», - деп хабарлады жұма күні Жылыой ауданы әкімдігінен.  
Қазіргі таңда полиция ұрыларды іздестіруде, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  


Жаңалықтармен бөлісу: