Рыпакова Азия құрлықтық спортшылар қауымдастығының комиссиясына мүше болып тағайындалды

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Азия құрлықтық спортшылар қауымдастығының комиссиясына (Asian Athletics Association – ААА) мүше болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«13 тамызда Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан федерация баспасөз қызметіне Өскеменнің ұлттық құрама командасы мен Altay Athletics кәсіби клубының жетекшісі Ольга Рыпакованың атына құрлықтық спортшылар қауымдастығының комиссиясына мүше болып тағайындалуымен құттықтаған ресми хат келіп түскен», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, хат мәтінінде Азия қауымдастығының төрағасы Дахлан Әл-Хамад жазған хат мәтінінде спортшыны жаңа қызметімен ұйымның бас хатшысы A Shuggumarran құттықтаған.
ҚР ҰОК ақпарынша, комиссия құрамына төмендегі тұлғалар енген: Жетекші - Андрей Абдувалиев (Өзбекстан) Ван Ю (Қытай), П.Т.Уша (Үндістан), Ольга Рыпакова (Қазақстан), Ли Хуп Вэй (Малайзия), Саад Шаддад (Сауд Арабиясы).
Бүгінде құрлықтық қауымдастық құрамына екі қазақстандық енген. 15 шілде күні өткен жиында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков жарыстарды өткізу жөніндегі комиссия мүшесі атанған болатын.

adimage