Рыскелдинов қызметінен босатылды

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ - Қ. Рыскелдинов ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдинов Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, Қайыр Рыскелдинов ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы болып 2018 жылдың мамырында тағайындалған еді.

adimage