СҚО-ға құс тұмауы ұшып келген жабайы құстардан келуі мүмкін – ауылшаруашылықмині

Петропавл. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысына құс тұмауы ұшып келген жабайы құстармен келуі мүмкін, деп хабарлады Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Аталмыш ауру Солтүстік Қазақстан облысының аумағына ұшып келген жабайы құстармен келуі мүмкін», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА СҚО Тимирязев ауданындағы Тимирязев, Элеваторный, Ғ.Мүсірепов ат. ауданда Чернобаевка, Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласы мен Сухорабовка ауылдарында үй құстарының қырылу дерегі тіркелген. 17 қыркүйекте белгілі болғандай, құс тұмауынан зардап шеккен құстардың саны жетіге жеткен. Қазақстан бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Сонымен қатар, белгілі болғаны шенеуніктер Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларында құс тұмауының бар-жоғын тексере алмай отырған көрінеді. Ауыл шаруашылықмині СҚО-дағы қырылған құстар үшін өтемақы төлеуге уәде етті.
Бұған дейін Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінде құс тұмауы тіркелген еді. Соның салдарынан тамыздың басында қазақстандық билік РФ-мен шекараға шектеу енгізді.

adimage