СҚО астық компаниясы жалақы бойынша Т200 млн астам қарыздарын өндіріп алды

Күні: 19:10, 30-09-2020.

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының сот орындаушылары астық компаниясынан жалақылары бойынша Т200 млн астам өндіріп алды, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
«Солтүстік Қазақстан облысының сот орындаушылары 15-29 қыркүйек аралығында өткізілген акция аясында ұзақ уақыт бойы өздеріне тиесілі қарыздарын алмаған 450 қызметкердің пайдасына 210 703 689 теңге көлемінде жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алды», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек Солтүстік Қазақстан облысының астық өндіру және сату нарығында жұмыс істейтін "Қазэкспортастық" компаниялар тобының егіс және егін жинау қызметі кезеңінде қалыптасқан.
Әділетминінің ақпарынша, жыл басынан бері облыстың сот орындаушылары аталған санаттағы 2000 атқарушылық іс жүргізу бойынша 700 млн. теңгеден астам қаржы өндіріп алынды.


Жаңалықтармен бөлісу: