СҚО-да 9 елікті заңсыз атқандары үшін браконьерлер ұсталды

Күні: 17:38, 05-03-2019.

Петропавл. 5 наурыз. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысында 9 елікке  заңсыз аң аулау фактісі тіркелген, деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.
«Қызылжар ауданында сібір еліктерін заңсыз аулау фактісі анықталды. Полицейлер Согровск мемлекеттік қаумалының инспекторларымен бірге браконьерлерді ұстады», - деді ПД.
Мекеменің хабарлауынша, Есіл өзенінің жағасында Красный Яр ауылының маңында Mitsubishi Delica автокөлігімен 43 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды.
«Автокөлік салонында сібір елігінің еті бар қап пен тегіс ұңғылы мылтық табылды. Солтүстік Қазақстан облысының полиция бөлімінің экологиялық полиция басқармасының бастығы Сергей Липко мәлімдегендей, маңайдағы инспекция барысында тағы 5 қап ет және әлі сойылмаған еліктер мен терілер табылды», - деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар, облыстың басқа да бірқатар тұрғындары заңсыз аң аулаумен айналысқаны анықталды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес «Заңсыз аң аулау» бойынша алдын ала тергеу жүргізілді.


Жаңалықтармен бөлісу: