СҚО-да ағаштарды кесуге заңсыз рұқсат берген орман шаруашылығының экс-басшысына айыппұл салынды

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында ағаштарды кесуге заңсыз рұқсат берген «Соколов орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің экс- директоры М. Құрманғалиевке айыппұл салынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«2 шілде күні Қызылжар аудандық сотының үкімімен М. Құрманғалиевке 6 млн 750 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сот айыппұлды төлеу мерзімін 2 ай деп белгіледі. Егер айыппұл төленбесе, ол бас бостындығынан айыру жазасымен ауыстырылады. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айырылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Іс материалы бойынша, М. Құрманғалиев жалпы көлемі 600 текше метр болатын ағаштарды кесіп, тасып әкетуге құқық беретін құжаттарды еш кедергісіз ресімдеу үшін жекеменшік компанияның директорынан 396 мың теңге мөлшерінде пара алған.

adimage