СҚО-да алдағы екі тәулікке дауылды ескерту жарияланды

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі тәулікке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 10, тәулік бойы 11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 10 қазанда оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 11 қазанда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 10, тәулік бойы 11 қазанда найзағай, бұршақ күтіледі. 11 қазанда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
«Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage