СҚО-да алдағы екі тәулікте дауылды ескерту жарияланды

Күні: 12:57, 19-06-2019.

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі тәулікте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«20-21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 20-21 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: