СҚО-да алдағы екі тәулікте нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Солтүстік-Қазақстан облысында алдағы екі тәулікте нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25-26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз 25, түнде 26 маусымда кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 25, тәулік бойы 26 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage