Петропавл. 15 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысы «Смирнов» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бухгалтері алаяқтығы үшін сотты болды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында Сәрсембаева 2017 жылдың қаңтарынан бастап 2020 жылдың қазан айына дейін қызметтік лауазымын пайдалана отыра мемлекет қаржысын жымқырған. Ол арам ойын іске асыру үшін «Казначейство-Клиент» бағдарламасын пайдаланып, бос орындар есебінен үнемделген қаржыдан өзіне заңсыз еңбекақы, сыйақы жазып отырған. Сәрсембаева орталық жетекшісі А.Б.Сембаеваның сеніміне кіріп, оның электронды-цифрлық қолтаңбасын алып алған. Осылайша тиісті бухгалтерлік құжаттарға қол қойып отырған. 3 жыл 8 айдың ішінде Сәрсембаева өзінің банк карточкасына 10 млн 371 мың 857 теңгені заңсыз аударып, мемлекетке шығын келтірген», - деді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Жарқын Ғалымов бейсенбі күні.
Хабарда атап өтілгендей, Сәрсембаеваның көп жыл бойы мемлекет қаржысын қалтасына басуына Сембаеваның электронды-цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруі себеп болған. Осылайша орталық жетекшісі лауазымдық міндеттерін орындауда салақтық танытқан.
«Сот 25 наурыз күні Сәрсембаеваны кінәлі деп тауып, пробациялық бақылаумен 5 жылға бостандығын шектеді. Сондай-ақ 5 жыл бойы ол мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде қаржымен байланысты қызметтерде жұмыс істей алмайды. 10 сәуір күні сот үкімі заңды күшіне енді», - деді ведомство басшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34