СҚО-да қаржы полициясын өлтірген деп айыпталушылар 22 және 24 жылға бас бостандықтарынан айырылды

Петропавл. 17 қазан. ҚазТАГ - Солтүстік Қзақастан облысы қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос  Ахметовтың өліміне айыптылар 22 және 24 жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Абдулэдира Джамалиев  пен Павел  Ковалев ҚР ҚК 251 бабы 2 бөлімі, 96 бабы 2 бөлімі «д, ж, з» тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын.  13 бап 3 бөлім негізінде Джамалиевтің әрекетінде аса қауіпті рецидив бары расталсын.   Жазаларды біріктіру бойынша Джамалиев мүлкін тәркілей отырып, 24 жылға бас бостандығынан айырылсын, ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады.   Ал Ковалев  жазаларын біріктіру бойынша  мүлкін тәркілей отырып, 22 жылға бас бостандығынан айырылсын.  Ол да жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады», - деді сот төрағасы   Бауыржан Баймурзин.
Сотталғандар Ресей азаматтары болып табылады.  
Сонымен қатар үшінші жақтастары   Бинали Хукиев ҚР ҚК 251 бабы 1 бөлімі , 263 бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды және 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  
Судья хабарлағандай, сотталушылардан СҚО қаржы полициясының бұрынғы бастығы Нұрлан Шабдарды өлтірмек болған деген айыптаулар алынып тасталды, себебі «мемлекеттік айыптаушылар бұл бөліммен оларды айыптаудан бас  тартты».
Бұл ретте қаза тапқан қаржы полициясының әкесі Алик Ахметов «тапсырыс берген адам өлтірілді, және Джамалиев те оны мойындады» деді.  
Бұл ретте Ж.Ахметовтың өліміне тапсырыс бергендердің анықталмағандығы айтылған.  
«Ең басты сұрақ сол күйінше  қалды: мұның бәрінің артында кім тұр және менің ұлымды не үшін өлтірді? Сотта бұл туралы бір сөз де айтылмады. Соған қарағанда құқыққорғау органдары осының артында тұрған тапсырыс берушіге тіс батыра алмайтын болса керек», - деді А.Ахметов.
Бұрын хабарланғандай, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Абдулэдир Джамалиевті, Павел Ковалевті және Бинал Хукиевті СҚО қаржы полициясының басшысы Ж.Ахметовты өлтірген деп айыптау туралы қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталды.
Бұған дейін СҚО прокурорының басшысы Бірлік Тәшімов хабарлағандай, сотталушылар Ж.Ахметовты өлтірген және қаржы полициясының тағы бір қызметкерін өлтіруге ұмтылған деп айыпталуда. Олардың бірі атылатын қаруды дайындау және сату фактісі бойынша сотқа тартылуда. Айыпталушылардың бірі - бұрынғы әскери қызметкер, екеуі - Ресей азаматтары.
Ол сондай-ақ оның өлтірілуіне Ж.Ахметовтың кәсіби қызметі себеп болған деп мәлім етті. Ал іс бойынша әзірге орындаушылар ғана өтіп жатқанын айтты.
Қаржы полициясының майоры Ж.Ахметов 2013 жылдың 24 желтоқсанында сағат 20 шамасында Петропавлда өз үйінің подъезінде бірнеше рет атылған оқтан қайтыс болған. Оқтың бірі оның басына тиген.
Ж.Ахметов қаржы полициясы органында 2012 жылдың наурызынан бері жұмыс жасап келеді. 2013 жылдың наурызында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭҚЖКД бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Оның артында әйелі мен екі ұлы қалды.

adimage